ҚОҒАМ

Ауладағы өрт сөндіру алаңына көлік қойғандарға айыппұл салынуы мүмкін

Астанада көпқабатты үйлердің маңына өрт сөндіру техникасы үшін арнайы алаңдар жасақталып жатыр. Бұл орындарда көлік тұрақтатуға болмайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

21 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов «Гранд Алатау» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіру техникасына арналған алаңдардың бірін таныстырды. Ол жоғарғы қабаттардан адамдарды құтқару кезінде автосатылар мен автокөтергіштерді орналастыруға арналған.

Жаңа құрылыс талаптары бойынша, биіктігі 10-нан 28 метрге дейінгі үйлерде өрт сөндіру жолының шетінен ғимарат қабырғасына дейінгі қашықтық 5-8 метр болуы керек. Биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарда бұл аралық 8-10 метрді құрайды. Алаңның жабыны арнайы техниканың салмағына шыдауы тиіс.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қолданыстағы тұрғын үй кешендеріндегі ПИК пен МИБ өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар кіреберіс жолдарды ашық ұстау, арнайы белгілер орнату және өрт сөндіру техникасына арналған орындарға көлік қойдырмау қажеттігін ескертеді.

Көлікті тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабына сәйкес айыппұл салынуы мүмкін. Жаза құқық бұзушылықтың сипаты мен оның қайталануына қарай белгіленеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61