ДЕНСАУЛЫҚ

Астанада ЖРВИ мен тұмауға шалдыққан 313 адам ауруханада емделіп жатыр

Елорда ауруханаларында инфекция жұқтырған 313 науқас бар, олардың 220-сы — бала. Маусымдық тұмауға қарсы екпені 143 619 адам алған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Астана қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдын Әшімхановтың айтуынша, медициналық ұйымдардың жұмысы күшейтіліп, ауруханалардағы төсек-орын саны көбейтілген. Жедел жәрдем қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында 2 569 науқас амбулаториялық ем қабылдай бастаған. Олардың 1 551-і — бала, 20-сы — жүкті әйел. Емханалардың бақылауында ЖРВИ жұқтырған 4 559 адам бар, оның 3 132-сі амбулаториялық ем алып жатыр.

Емханаларда тыныс жолы инфекциясының белгілері бар науқастарды бөлек қабылдайтын сүзгі және шұғыл көмек кабинеттері жұмыс істейді. Олар жұмыс күндері 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін ашық.

Маусымдық тұмауға қарсы вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінге дейін екпені 143 619 адам салдырған: 29 592-сі — бала, 114 027-сі — ересек.

Мамандар қолды жиі жуып, бөлмені желдетуге және науқастармен жақын байланыстан аулақ болуға кеңес береді. ЖРВИ белгілері байқалса, дәрігерге уақытылы қаралып, өз бетінше емделмеу қажет. Эпидемиологиялық жағдай бейінді қызметтердің бақылауында.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61