СПОРТ

Асу Алмабаев UFC-де Киоджи Хоригучиден жеңіліп қалды

Дохада өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер жапониялық Киоджи Хоригучиге төрешілердің бірауыздан шешімімен есе жіберді. Бұл — Алмабаевтың UFC-дегі екінші жеңілісі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылды. Алмабаев қарсыласын бірнеше рет кілемге түсіріп, партерде бақылағанымен, айтарлықтай соққы жасай алмады және кездесуді мерзімінен бұрын аяқтай алмады.

Тік тұрып жұдырықтасуда Хоригучи басым болды: ол арақашықтықты тиімді ұстап, соққыларын дәл жеткізді. Жекпе-жекке дейін UFC рейтингінде жапониялық бесінші, ал Алмабаев жетінші орында тұрған.

Кездесуге дейін қазақстандықтың кәсіби көрсеткіші 24 жеңіс пен үш жеңіліс еді. UFC-де ол сегіз жекпе-жектің жетеуінде жеңіске жеткен болатын. Бұған дейін промоушендегі жалғыз жеңілісін 2025 жылғы наурызда Манель Капеден алған. Хоригучиге ұтылғаннан кейін Алмабаевтың жалпы рекорды — 24-4, UFC-дегі көрсеткіші — 7-2. Сондай-ақ оның үш жеңістен тұратын сериясы үзілді. Бұған дейін ол Хосе Очоаны, Алекс Пересті және Чарльз Джонсонды жеңген.

Осы турнирде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Дияр Нұрғожай америкалық Алик Лоренцті екінші раунд басталғаннан кейін 24 секундта нокаутқа түсірді. Бұл — оның UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61