ӘЛЕМ
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі АҚШ базаларына шабуыл жасағанын мәлімдеді. Азаматтық өндіріс нысанында өрт тұтанып, алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Бахрейндегі Шейх-Иса және Әл-Джуфейр базаларына шабуыл жасағанын хабарлады. Кейін корпус Риффа мен Авали базаларына соққы беріп, Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің екі радарын нысанаға алғанын мәлімдеді. Шабуылда зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар қолданылған.
Бахрейннің Азаматтық қорғаныс қызметі Иран шабуылынан кейін азаматтық өндіріс нысанында өрт шыққанын хабарлады. Оқиға орнында өртті ауыздықтау үшін бөлімшелер жұмыс істеп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын болған.
Бұған дейін, өткен сейсенбіде, ИРСК Бахрейндегі Шейх-Иса авиабазасында орналасқан АҚШ радиолокациялық жүйесіне соққы бергенін айтқан. Тегеран мұны америкалық дрондардың Иран әуе кеңістігін бұзуына жауап деп түсіндірген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61