ҚОҒАМ

Қазақстанның үш қаласында есірткіге қатысты күдікпен адамдар ұсталды

Қарашаның алғашқы онкүндігінде полиция 200 келіден астам есірткі тәркіледі. Павлодар, Шымкент және Алматыда бірнеше ірі ұстау дерегі тіркелді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

ІІМ мәліметінше, қараша басталғалы елде есірткіге қатысты 56 құқық бұзушылық анықталған, оның 35-і қылмыс санатына жатады. Алғашқы он күнде 35 күдікті ұсталды: 19 адам есірткі сату, сегізі контрабанда, үшеуі аса ірі мөлшерде есірткі сақтау, тағы үшеуі улы заттарды заңсыз айналымға шығару дерегі бойынша күдікке ілінген. Бір адам есірткі бар өсімдіктерді өсірді, тағы біреуі есірткіні насихаттап, жарнамалады деген күдікпен ұсталды.

Павлодарда Алматыдан келген 32 жастағы әйелден тінту кезінде шамамен 1,5 келі α-PVP және 30 грамдай мефедрон табылған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол әлеуметтік желідегі есірткі тасушы жұмысы туралы хабарландыруға жауап беріп, тыйым салынған заттарды сату үшін басқа қалаға барған.

Шымкентте 21 жастағы жергілікті тұрғыннан шамамен 500 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Ол заттарды қалада таратуды жоспарлаған болуы мүмкін. Алматыда 56 жастағы ер адамның көлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин табылған.

Тәркіленген 200 келіден астам тыйым салынған заттың 190 келісі марихуана, шамамен 13 келісі синтетикалық есірткі, төрт келісі гашиш болған. ІІМ есірткі тасымалының жолын кесу және жастардың есірткі ортасына тартылуына жол бермеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61