СПОРТ
Қазақстандық 19 жастағы дзюдошы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Бұл — оның әлем біріншілігіндегі екінші жеңісі.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Финалда Санжар Еруланұлы жапониялық Шокей Хираноны жеңді. Бұған дейін ол германиялық Даниил Спиридоновты, италиялық Франческо Маццонаны, ширек финалда әзербайжандық Давуд Намазлиді, ал жартылай финалда испаниялық Никита Юдановты ұтты.
Қазақстан құрамасы үшін Ташкентте 19-21 қараша аралығында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатындағы бұл — алғашқы алтын. Жарысқа 82 елден 594 спортшы қатысты.
Еруланұлы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеке сайысында алтын алған үшінші қазақстандық дзюдошы болды. Бұған дейін Елдос Сметов 2010 жылы, ал Мағжан Шамшадин 2015 жылы чемпион атанған. Осылайша, қазақстандық дзюдошылар бұл жарыста 11 жыл үзілістен кейін топ жарды.
Еруланұлы 2024 жылы Лимада кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен. Сондай-ақ 2026 жылғы шілдеде жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын алған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61