ӘЛЕМ

Үндістанда жалған алкогольден 18 адам қайтыс болып, мыңнан астамы ауруханаға түсті

Манипур штатында метанол қосылған алкоголь ішкен кемінде 18 адам көз жұмды. Мыңнан астам тұрғын ауруханаға түскен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Штат заң шығару жиналысындағы «Үнді ұлттық конгресі» партиясы фракциясының жетекшісі Мегхачандра Сингх қайғылы оқиғаның ауқымы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, жалған спирттің құрамындағы метанол ауыр асқынуларға, соның ішінде бүйректің қатты зақымдануына әкелген.

Ауруханаларға науқастар екі күн бойы үздіксіз жеткізілген. Жұма күні дәрігерлер 600 адамды жатқызса, сенбі күні таңертең тағы 300 зардап шеккен адам ауруханаға түскен.

Штат билігі күмәнді алкоголь ішкен немесе улану белгілерін байқаған тұрғындарды дереу дәрігерге қаралуға және өз бетінше емделмеуге шақырды. Сондай-ақ күдікті спирттің бөтелкелері мен қаптамаларын сараптама үшін сақтауды өтінді.

Үндістанда сапасыз алкогольден жаппай улану оқиғалары бұрын да болған. 2019 жылғы ақпанда Ассам штатында метанол қосылған ішімдіктен 140-тан астам адам қайтыс болып, 300-ге жуығы ауруханаға түскен. Сол кезде полиция заңсыз алкоголь өндіруге қатысы бар деген күдікпен 12 адамды ұстаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61