ҚОҒАМ

Алматы мен Есік қаласында із-түзсіз кеткен екі ер адамның мәйіті табылды

Екі жағдай туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді. Ер адамдардың бірі бірнеше күннен кейін, екіншісі бір жылдан соң табылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

1985 жылы туған Мұрат Байтуов 17 қарашада үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында тұрған.

Еріктілердің мәліметінше, Байтуовтың мәйіті 21 қарашада табылған. Өлім себебін тергеу анықтайды.

1971 жылы туған Қалдыбай Беринбетов 2025 жылғы 8 қарашада Алматының Алатау ауданындағы үйінен кеткеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен. Оның денесі бір жылдан соң, 20 қарашада табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61