ӘЛЕМ
АҚШ-тың ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енген баронмен бірге оның қылмыстық тобының бірнеше мүшесі қолға түсті.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Мексикада «Эль Чапо Исидро» лақап атымен танымал есірткі бароны ұсталды. Ол АҚШ Федералдық тергеу бюросы іздеген ең қауіпті қылмыскерлердің ондығына кірген. Оның қайда екені туралы ақпарат үшін АҚШ 5 миллион доллар сыйақы ұсынған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, барон басқарған қылмыстық топ 20 жылдан астам уақыт бойы есірткіні АҚШ аумағына тасымалдаған. Онымен бірге топтың бірнеше мүшесі, оның ішінде орынбасары мен қаржысына жауапты адам ұсталды.
Операция кезінде АҚШ арнайы қызметтері Мексиканың құқық қорғау органдарына көмектесіп, барлау мәліметтерімен бөліскен. Арнайы операция кезінде атыс болып, кейбір жолдар жабылды. Бірнеше жерде көліктер өртелген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61