ҚОҒАМ

51 жастағы маңғыстаулық әйел ЭКҰ арқылы қыз босанды

Күмісай Палекеева 17 қарашада «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығында қыз баланы дүниеге әкелді. Әйел бұған дейін көміртек тотығынан уланып, үш баласынан айырылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Нәрестенің салмағы — 3400 грамм, бойы — 52 сантиметр. Босану кесарь тілігі арқылы өтті. Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік асқынусыз өтіп, анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы.

2025 жылы Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» тұрғын алабында көміртек тотығынан Палекеевтердің 1995 жылы туған үлкен қызы, 2009 жылы туған ұлы және 2012 жылы туған кіші қызы қайтыс болған.

Балаларынан айырылған соң ерлі-зайыпты қайтадан ата-ана болуды шешкен. Күмісай ЭКҰ көмегімен сәби сүйгенін айтып, үй іші бос қалғаннан кейін өмірге құлшыныс сыйлайтын балалы болуды қалағанын жеткізді.

Отбасы ЭКҰ процедурасын Ecomed клиникасының сертификатының көмегімен тегін жасатқан. 2026 жылы мұндай сертификат 30 отбасына берілген. Ерлі-зайыпты қыз күтіп жүргенін алдын ала білген, ал оған Ария деген есімді әкесі таңдаған. 2026 жылғы қыркүйекте олар 13 жастағы ұл баланы да асырап алған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61