СПОРТ

Жібек Құламбаева Чилидегі турнирде жеңіп, үздік 80-дікке енді

Қазақстандық теннисші Вероника Эрьявецпен бірге WTA-125 турнирінің жұптық сынында топ жарды. Жеңіс оған жұптық рейтингте мансабындағы ең жоғары орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Финалда екінші нөмірмен жарысқа түскен Құламбаева мен словениялық Эрьявец бірінші нөмірлі украиналық Валерия Страховая және ресейлік Анастасия Тихонова жұбын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Турнирдің ширек финалында олар түркиялық Ипек Өз бен грекиялық Деспина Папамихаилді 6:0, 6:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда австралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборннан 7:6 (9:7), 3:6, 10:4 есебімен басым түсті.

Чилидегі жеңісі үшін алған 125 ұпай Құламбаеваны жұптық рейтингте сегіз сатыға көтеріп, 78-орынға шығарды. Эрьявец 19 орынға жоғарылап, 105-сатыға жайғасты. Бұған дейін Құламбаева рейтингте мұндай биікке көтерілмеген.

Қазақстандық Екатерина Дмитриченко да өткен аптада жұптық сында жеңіске жетті. Ол мысырлық Шарм-эль-Шейхтегі челленджерде Ұлыбритания өкілі Саванна Дада-Масколлмен бірге чемпион атанды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61