ӘЛЕМ
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен келіссөз нәтижесіз аяқталса, 2027 жыл басталғаннан кейін Иранға әскери соққы беруге бұйрық беруі мүмкін екенін мәлімдеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Трамп дипломатиялық келіссөздерді мағынасыз деп атап, ирандық келіссөз жүргізушілерді процесті әдейі созып отыр деп айыптады. Оның сөзінше, АҚШ-тағы сайлаудан кейін Иранның әрекеті бұрынғыдан да агрессивті болған.
АҚШ Иран порттарын теңіз арқылы қоршауды жалғастырып отыр. Трамп америкалық және ирандық күштер арасындағы соққылар алмасуы жалғасуы мүмкін екенін айтып, блокаданы бұзып көруге Тегеранды ашық шақырды.
«Олар байқап көрсін деп үміттенемін — сонда бәрі де қалған флотының соңынан теңіз түбіне кетеді», — деді Трамп.
Иранның бірқатар қаласында үкіметке қарсы наразылықтар қайта басталғаны туралы сұраққа жауап берген АҚШ президенті шерушілерге: «Наразылықты жалғастырыңдар», — деді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61