ТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Жүргізуші куәлігін алуға арналған жол жүру ережелері бойынша теориялық тесті қашықтан тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Бұрынғыдай арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсыру да қолжетімді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Қашықтан емтиханға жазылу үшін eGov Mobile қосымшасына кіріп, «ХҚКО қызметтері» бөлімінен «Теорияны онлайн тапсыру» қызметін таңдау қажет. Одан кейін жүргізуші куәлігінің санатын белгілеп, 1414 нөмірінен келген SMS арқылы дербес деректерге қол жеткізуге келісім беру және қызмет ақысын төлеу керек.

Төлем жасалған соң eGov жеке кабинетінде емтиханға арналған арнайы сілтеме пайда болады. Оны компьютерден ашып, тесті 30 күн ішінде тапсыруға болады. Емтихан кезінде тұлғаны сәйкестендіру және қашықтан бақылау құралдары қолданылады. Сілтеме өтініш берушіге ғана арналған, оны басқа адамға беруге болмайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61