ӘЛЕМ

Зеленский Ливиядағы ресейлік «Меркурий» корветіне шабуыл жасалғанын айтты

Украина президентінің сөзінше, кемеге украиналық теңіз дрондары шабуыл жасаған. Корветтің шығыны туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Владимир Зеленскийдің айтуынша, шабуыл кезінде украиналық өндірістегі жеті теңіз дроны қолданылған. Ол ресейлік корвет «Меркурий» суға батып, Ка-27 әскери тікұшағы жойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ украиналық күштер MV ANGARA құрғақ жүк кемесін нысанаға алғанын айтты.

Ливияның шығысындағы үкімет жексенбіде Бенгази әскери-теңіз базасында жарылыс болып, өрт шыққанын хабарлады. Оның мәліметінше, ресейлік кеме Ресеймен ынтымақтастық туралы келісім аясында жанармай құю және қорын толықтыру үшін базаға келген.

BBC Verify геолокациялаған әлеуметтік желідегі видеоларда шабуылдан кейін кеменің отқа оранып, түтінге көмкерілгені көрінеді. Vantor компаниясының мәліметінше, кеме сенбіде портта тұрған, ал жексенбіде аударылып, суға кеткен. Дегенмен корветке келген зиян туралы нақты дерек жоқ. Мәскеу шабуылға қатысты әзірге пікір білдірмеді.

БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясы оқиғаға «елеулі алаңдаушылық» білдіріп, шұғыл, тәуелсіз әрі ашық тергеу жүргізуге шақырды. Ливия 2011 жылдан бері бөлінген ел болып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61