ҚОҒАМ

Кәрім Көкірекбаев денсаулығына байланысты жазадан босатылуы мүмкін

Сот бұрынғы Жамбыл облысы әкімін денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босату туралы шешім шығарды. Прокуратура бұл қаулының күшін жоюды сұрап, өтінішхат түсірді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

17 қарашада №57 мекеме әкімшілігінің Кәрім Көкірекбаевты денсаулығына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысы қанағаттандырылды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат енгізген. Көкірекбаев 2025 жылғы шілдеде аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Іс бойынша оның орынбасары мен ақша берген ЖШС директоры да сот алдында жауап берген.

Тергеу мәліметінше, ЖШС директоры орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойдыру үшін лауазымды тұлғаларға ақша берген. Мемлекеттік мекемеге келтірілген шығын 1,9 млрд теңге деп бағаланған. Кәрім Көкірекбаев 2013–2018 жылдары Жамбыл облысын басқарған, ал 2019 жылы «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы болған. Ол 2022 жылғы желтоқсанда ұсталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61