ӘЛЕМ

Ресей 2026 жылдың соңына дейін ядролық қаруды ғарышқа шығаруы мүмкін

Батыс барлау қызметтері Ресей орбитаға ядролық оқтұмсығы бар аппарат ұшыруы ықтимал екенін ескерткен. Германия үкіметі мен НАТО-ның бірнеше еліне осы жоспар туралы ақпарат түскені айтылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Бундесвер сарапшылары Ресейдің «Спутник-С» деп аталатын аппараты ядролық оқтұмсықты орбитаға шығаруға арналған болуы мүмкін деген болжам айтқан. Германияның Федералдық барлау қызметі мен Бундесвер бағалауынша, аппарат ұшыруға және қолдануға дайын болуы ықтимал. Қазір ол Мәскеу өңірінде сақтаулы болуы мүмкін.

Қазан айында АҚШ әскери барлауы да Ресей ядролық қару орналастыруға арналған спутник жасап жатқаны туралы мәлімдеген.

Мұндай аппаратты орбитаға шығару 1967 жылғы Ғарыш туралы шартқа қайшы болар еді. Құжат Жер орбитасына ядролық қару мен жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлерін орналастыруға тыйым салады.

АҚШ Ғарыш күштерінің қолбасшысы Стивен Уайтингтің айтуынша, мұндай қаруды қолдану алғашқы сағаттарда немесе күндерде төменгі орбитадағы спутниктердің шамамен үштен бірін істен шығаруы мүмкін. Кейінгі айларда қалған аппараттар да жұмысын тоқтатуы ықтимал.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61