ӘЛЕМ
Армения премьер-министрі оппозицияны Конституция жобасын референдумға шығару туралы шешімді қолдауға шақырды. Құжатты халық қабылдамаса, отставкаға кететінін мәлімдеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Никол Пашинян Конституция жобасы референдумда мақұлданған жағдайда да келесі сайлауда, кезекті не кезектен тыс болсын, премьер-министр лауазымына қайта ұсынылмайтынын айтты. Оның сөзінше, келесі сайлауға дейінгі уақытта ол институттарды қалыптастырумен және Әзербайжанмен бейбітшілікті түпкілікті рәсімдеумен айналысады.
Арменияның жаңа Конституция жобасы бұған дейін арнайы ашылған сайтта жарияланған. 2024 жылғы қаңтарда Пашинян жаңа геосаяси жағдайларда елдің өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін жаңа Конституция қажет екенін айтқан. Ол қолданыстағы Конституцияның негізі саналатын Тәуелсіздік декларациясындағы ережелер елді соғыс қаупіне ұрындыруы мүмкін деп мәлімдеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61