Bugin
Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері №71 мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымымен кездесті. Жиында білім беру сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Түрксіб аудандық сайлауалды штабының мүшелері және мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.
Жиын барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу және сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін арттыру, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары сөз болды.
«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Станислав Канкуров білім беру сапасын арттыру мен мектеп инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.
«Сапалы білім – қаланың тұрақты дамуы мен өскелең ұрпақтың жарқын болашағының негізі. Партиямыздың 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылған. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, әрбір баланың сапалы білім алуына және өз қабілетін жан-жақты дамытуына тең мүмкіндік жасау қажет. Осы орайда баршаңызды 29 қарашада өтетін сайлауға белсене қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырамын!» – деді Станислав Канкуров.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61