САЯСАТ

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

Құжат цифрлық жұмыспен қамтуды кеңейтіп, азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Үкімет кешенді жоспарды 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін бекітуі керек.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Жарлық азаматтардың цифрлық платформалар арқылы табыс табуына жағдай жасауды, қысқа мерзімді ақылы тапсырыстар санын көбейтуді және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған құқықтық режимді жетілдіруді көздейді.

Сондай-ақ ауыл өндірушілерінің өнімін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу, логистикалық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлерді цифрлық саудаға бейімдеу шаралары қамтылған. Жаңа бастамалар 2027 жылы өңірлерде пилоттық режимде іске қосылады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61