ӘЛЕМ
Парасту Ахмади мен үш музыкантқа, сондай-ақ концерт ұйымдастырушысына 74 дүре соғу жазасы орындалды. Оларға екі жыл бойы өнер көрсетуге және елден шығуға тыйым салынған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Жаза 23 қарашада Кум қаласының прокуратурасында орындалды. Сот айыпталушыларға шығармашылық және музыкалық қызметпен айналысуға, сондай-ақ екі жыл бойы шетелге шығуға тыйым салған.
Іске барлығы концерт тобының тоғыз мүшесі тартылған. Сот оларды интернетте әдепсіз мазмұн таратты деп кінәлі деп таныды. 2026 жылғы қыркүйекте апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Концерт өткен керуен-сарай да жабылды.
Ахмади 2024 жылғы 11 желтоқсанда Дейр-Гачин тарихи керуен-сарайында музыканттармен бірге өнер көрсеткен. Көрермен болмаған концерт YouTube желісінде тікелей эфирде көрсетіліп, миллиондаған қаралым жинаған. Әнші камера алдында хиджабсыз шыққан.
Видео жарияланғаннан кейін полиция әншіні және екі музыкантты ұстаған, бірнеше күннен соң олар кепілмен босатылған. Amnesty International ұйымы 2026 жылғы маусымда Иран билігін әртістерге шығарылған үкімнің күшін жоюға шақырып, дүре соғуды азаптауға қарсы халықаралық тыйымды бұзу деп атаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61