ДАМУ

Алматыда үйдің сүрілу-сүрілмеуін қалай тексеруге болады

Алматының бас жоспарына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 16 қарашада күшіне енді. Тұрғындар жер теліміне қатысты ақпаратты мемлекеттік органдардан сұрата алады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Алматының бас жоспары қаланың даму бағытын айқындайды. Әр ауданға арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленіп, бекітілгеннен кейін қандай аумақтарда құрылыс жүргізілуі мүмкін екені анығырақ болады.

Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы әкімдік қаулысының бар-жоғын білу үшін Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына өтініш беруге болады. Өтініште мекенжайды және (немесе) жер телімінің кадастрлық нөмірін көрсету қажет. Оны Алматы, Абай даңғылы, 90 мекенжайына, 1-қабаттағы 101-кабинетке барып тапсыруға немесе «Е-Өтініш» жүйесі арқылы жолдауға болады. Қабылдау уақыты: 08:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс — 12:30-дан 14:00-ге дейін.

Басқарма нақты телімге қатысты қабылданған қолданыстағы қаулы бар-жоғын хабарлайды. Бас жоспардағы перспективалық жоспарлар жерді қашан алатынына негіз болмайды әрі мұндай рәсімнің міндетті түрде жүргізілетініне кепілдік бермейді. Өтініште телімнің бас жоспар бойынша нысаналы мақсатын, құрылыс жоспарланған-жоспарланбағанын және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының бекітілген-бекітілмегенін де сұрауға болады. Мұндай сұрауларды, мысалы, тоқсан сайын қайталап жолдау ұсынылады. Үйдің реновацияға жататынын Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының онлайн картасынан тексеруге болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61