Bugin

Қазақстанда 2027 жылы жастарға арналған үш ипотекалық бағдарлама жұмыс істейді

Қазақстанда 2027 жылы жастар мен жас отбасылар баспана алу үшін 5–9% аралығындағы мөлшерлемемен ипотека рәсімдей алады. Krisha.kz басылымы үш бағдарламаның негізгі шарттарын жариялады.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

1. Өңірлік жастар ипотекалары

«Алматы жастары», «Елорда жастары», «Абай жастары», «Ақтөбе жастары» және басқа да өңірлік бағдарламалар жас мамандарға арналған.

Негізгі шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 5–6%;

Бастапқы жарна – 10%-дан;

Несие сомасы – 15–20 млн теңгеге дейін;

Мерзімі – 19 жылға дейін;

Үміткердің жасы көбіне 35-тен аспауы керек;

Соңғы 5 жылда отбасы атында баспана болмауы тиіс.

Бағдарламаға қатысушылар жұмыс өтілі, балаларының саны және әлеуметтік мәртебесі бойынша іріктеледі. 2027 жылғы өтінім қабылдау күндері әзірге жарияланбаған.

2. «Наурыз» ипотекасы

Бұл бағдарлама жастарға да, басқа санаттағы азаматтарға да қолжетімді. 35 жасқа дейінгі қатысушыларға қосымша ұпай беріледі.

Шарттары:

Мөлшерлеме – әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 7%, қалғандарына 9%. Кейін 4%-ға дейін төмендейді;

Бастапқы жарна – 10–20%;

Несие сомасы – Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін;

Мерзімі – 19 жылға дейін;

Отбасының соңғы 5 жылда атында баспана болмауы керек;Отбасы банкте кемінде 2 млн теңге жинағы бар депозит болуы қажет.

Бағдарлама 2031 жылға дейін жалғасады.

3. «Жас отбасы» бағдарламасы

Бұл ипотека жақында шаңырақ көтерген жұптарға арналған. Мұнда ерлі-зайыптылардың жасы мен басқа жылжымайтын мүлігінің болуы маңызды емес.

Негізгі талаптары:

Мөлшерлеме – 6%, кейін 5%-ға дейін төмендейді;

Бастапқы жарна – баспана құнының 50%-ы;

Депозитті кемінде бір жыл жинақтау қажет;

Несиені өтеу мерзімі – 6–9 жыл;

Жаңа үйден де, қайталама нарықтан да баспана алуға болады.

Ипотека алу үшін не қажет?

Кез келген бағдарлама бойынша өтінім беруші соңғы 6 айдағы ресми табысын және зейнетақы жарналарын растауы керек.

Сонымен қатар «Наурыз» және өңірлік ипотекалар бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін 1,5 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификатымен жабуға мүмкіндік бар. Оның талаптарын жергілікті әкімдіктен нақтылау қажет.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61