ӘЛЕМ

Иран Ұлыбритания, Германия және Болгариядағы АҚШ базаларын нысанаға алуы мүмкін

Тегеран Еуропадағы америкалық әскери нысандар Иранға қарсы әрекеттерге пайдаланылса, соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Аббас Моктадаи елдің жауабы кезінде Ұлыбритания, Германия және Болгариядағы АҚШ базалары да нысанаға алынуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, Тегеран бұл нысандарды Бахрейндегі америкалық базадан бөлек қарастырмайды.

Моктадаи Еуропа елдері бастапқыда АҚШ-тың бағытына қосылмайтынын мәлімдегенін, кейін Вашингтон бірқатар мемлекетпен олардың аумағы мен әскери базаларын пайдалану туралы келіссөз жүргізе бастағанын жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61