ДАМУ

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» басшысы болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына» Нағаспаевтың «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы қызметіне келгенін хабарлады. Бұған дейін ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Ерсайын Нағаспаев Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

2025 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды. 2021–2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған.

Нағаспаев Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61