ДАМУ

Кулекеев: «Самұрық-Қазына» ҚМГ-дан ішкі рәсімдерді бұзуды талап еткен

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы вице-президенті Жақсылық Күлекеев холдинг компанияға кейбір шешімдерді ішкі тәртіпке қайшы қабылдауды талап етуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдай жұмысқа адам қабылдау кезінде де болған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Күлекеевтің айтуынша, компанияда жұмысқа қабылдаудың ашық конкурсы өтіп, үміткерлер біліктілігіне қарай іріктелуге тиіс. Сондай-ақ кандидат комплаенс талаптары бойынша тексерілуі керек.

Алайда холдингтен кейде белгілі бір адамды конкурссыз жұмысқа алу туралы талап түскен. «Біздегі ішкі рәсімдер керемет, бірақ „Самұрықтың“ басшылығы осы ішкі рәсімдерді бұзуды талап етеді…» – деді Жақсылық Күлекеев корпоративтік басқару форумының аясында.

Бұрын «ҚазМұнайГаз» вице-президенті болған Жақсылық Күлекеев 1999–2002 жылдары экономика министрі, кейін білім министрі қызметін атқарған. 2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы мамырға дейін «ҚазМұнайГаздың» бірінші вице-президенті болды. 2021 жылдан бері компания басқарма төрағасының кеңесшісі.

Күлекеев мұндай жағдайлардың алдын алу үшін елдегі корпоративтік мәдениетті үнемі жетілдіру қажет екенін айтты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61