ӘЛЕМ

Ханойдағы мейрамханада жарылыс болып, алты адам қаза тапты

Вьетнам астанасында 24 қараша күні таңертең болған жарылыстан тағы 10 адам жарақат алды. Полиция апатқа газдың тарауы себеп болуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Жарылыс шамамен сағат 08:00-де мейрамханада болған. Соққыдан ғимараттың бір бөлігі қирап, маңындағы үйлерге зақым келді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс толқыны 15 метр радиустағы 10 шақты үйдің терезесін сындырып, қабырғалары мен шатырларына нұқсан келтірген. Қираған бөлшектер жолға 20 метрге дейін ұшқан.

Жарақат алғандар Ханойдағы үш ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар үйінді астында адамдар қалуы мүмкін деп қауіптеніп, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Көрші ғимараттардың тұрғындары құлау қаупіне байланысты эвакуацияланды.

Вьетнам үкіметі оқиғаны шұғыл тергеуді тапсырды. Билік ғимараттарға келген шығынды бағалап, тұрғындарды уақытша орналастыруды ұйымдастырып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61