ДАМУ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы ресми есептен көп су пайдаланады

GEOBOX сарапшылары спутниктік деректерді мемлекеттік есеппен салыстырып, су тұтынудағы айырма жылына 5,1 текше шақырымға жететінін анықтаған. Бұл елдегі барлық қала мен ауылдың жиынтық су тұтынуынан төрт есе көп.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Спутниктік суреттерді талдау нәтижесінде суармалы егіншілік Қазақстандағы су тұтынудың төрттен үш бөлігінен астамын құрайтыны анықталған. Оның басым бөлігі оңтүстіктегі бес өңірге тиесілі, ал Қызылорда облысы жеке өзі судың үштен бірінен астамын пайдаланады.

Зерттеушілер есеп пен нақты тұтыну арасындағы алшақтықты судың іс жүзінде өлшенбей, өтінімдер мен формулалар арқылы есептелуімен байланыстырады. Қазақстан өзендеріндегі су көлемі 1960 жылға дейінгі деңгейден төмен, ал қазіргі ағынның жартысына жуығы көрші елдерден келеді.

Сырдарияның Қазақстан аумағындағы алабында ресми дерек бойынша суармалы егіншілікке жылына 7,1 текше шақырым су жұмсалады. Есептеулер өзеннен шамамен 10 текше шақырым су алынатынын көрсеткен. Есептерде су пайдаланушысы нақтыланбайтын «өзге» санаты 2015 жылы мардымсыз болса, 2024 жылы 4,3 текше шақырымға жеткен.

Спутниктік деректерге сәйкес, 2024 жылы Жамбыл облысындағы шамамен 40 мың гектар суармалы алқап «Қазсушар» жүйесіне кірмеген. Бұл ұйым қызмет көрсететін 90 мың гектардың жартысына жуық. Каналдардағы су шығыны да нақты өлшеу арқылы емес, есептеу жолымен анықталады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 12 мамырда Үкімет отырысында Сырдария ағыны норманың 70 пайызы болады деп күтілетінін айтқан. Көрші елдердің су қоймаларындағы қор былтырғыдан 1,6 текше шақырымға аз. Талас өзенінде су аз болады, ал Шу өзенінің ағыны норма деңгейінің 50–75 пайызына жетеді деп болжанған. Шу-Талас алабындағы су пайдалану лимиті 1,2 миллиардтан 900 миллион текше метрге дейін қысқарған.

Үкімет 2030 жылға қарай 2,5 миллион гектар жерді суаруды жоспарлап отыр. Ол үшін 42 су қоймасын салу, 37-сін қайта жаңарту және каналдардағы су шығынын екі есе азайту көзделген. Жаңа су қоймалары 2028 жылға қарай қорды 2,6 текше шақырымға ұлғайтуы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61