Bugin

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Абай университетінің студенттерімен кездесті

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті. Басқосуда жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, сапалы білім алу, кәсіби даму және олардың қала өміріне белсенді қатысуы мәселелері талқыланды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Медеу аудандық сайлауалды штабының мүшелері және университет студенттері қатысты.

Жиын барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын ынталандыру және елдің болашағына қатысты бастамаларын қолдау мәселелері сөз болды.

Жиын қорытындысында жастардың саяси сауаттылығын арттыру мен қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасаудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ сайлауалды штаб өкілдері студенттерді алдағы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсене қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61