Bugin
Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқауға 200-ден астам өтінім түсіп, нәтижесінде 13 жоба грант иегері атанды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Жоба талантты әрі бастамашыл жастардың тың идеяларын қолдауға, олардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыруға бағытталған. Биыл байқау ғылым, мәдениет, волонтерлік, IT, бизнес және медиа бағыттарын қамтыды. Осы алты бағыт бойынша жалпы сомасы 13 миллион теңгені құрайтын 13 грант бөлінді.
Гранттардың басым бөлігі бес бағытқа екі-екіден қарастырылса, бизнес бағыты бойынша үш грант табысталды. Қатысушылардың жобалары өзектілігі, жаңашылдығы, іске асыру мүмкіндігі және қоғамға тигізер пайдасы бойынша бағаланды.
Жеңімпаздардың қатарында әлеуметтік және технологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар бар. Мәселен, бизнес бағыты бойынша Айгерім Тутованың «AI-ERKEM» жобасы есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған коррекциялық-дамыту орталығын ашуды көздейді. Ал IT бағыты бойынша Ернат Қалкөздің «MindRelay» жобасы мессенджер арқылы жұмыс істейтін N.I.R.A. жасанды интеллект көмекшісін дамытуға арналған.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға грант сертификаттары табысталып, жобаларын жүзеге асыруға сәттілік тілектері білдірілді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бері жыл сайын тағайындалып келеді. Алматыда жоба 2023 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
Бастама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61