ӘЛЕМ

Зеленский Фин шығанағындағы «Спарта II» кемесіне шабуылға Украина жауапты екенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Фин шығанағында ресейлік жүк кемесіне жасалған дрон шабуылына Киевтің қатысы барын растады. Оның айтуынша, кеме қару тасыған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Зеленский Bloomberg-ке берген сұхбатында Ресей туымен жүретін, қару немесе санкцияға іліккен жүк таситын кемелер Украина үшін заңды нысана екенін айтты. Алайда кемеде қару болғаны туралы оның сөзін журналистер дербес тексере алмаған, ал Ресей әскери өкілдері жүктің сипатын нақтыламаған.

Украина президенті соққы Ресейдің аумақтық суларында жасалғанын мәлімдеді. Финляндия Қорғаныс күштері кеме Ресейдің аумақтық суларында емес, Гогланд аралының батысындағы халықаралық суларда зақымданғанын айтқан. Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко кемеге Ресей шекарасынан үш теңіз милі жердегі бейтарап суда екі дрон шабуыл жасағанын хабарлаған.

«Спарта II» кемесінің 16 адамнан тұратын экипажы қайықтарға түсіп, Ресейдің құтқару кемесімен эвакуацияланған. Өртті Финляндия, Эстония және Ресей құтқарушылары сөндірген. Дрозденконың мәліметінше, зақымданған кеме дүйсенбі күні Санкт-Петербургтің «Үлкен портына» жеткен.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61