Bugin

Алматыда әлемдік сәулет сарапшылары бас қосқан SHARE Kazakhstan 2026 форумы өтіп жатыр

Алматыда сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жиынға Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея және басқа елдердің жетекші сәулет бюроларының өкілдері мен сарапшылары қатысуда.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Форумның ашылуында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың дамуы үшін халықаралық тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Алматы заманауи инфрақұрылымы дамыған, өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы қала болуы керек.

Әкім қаланың дамуы экономикалық өсіммен қатар экологиялық тұрақтылықты, жасыл аймақтарды және табиғи желдетілу мүмкіндігін сақтауды да ескеруі қажет екенін айтты. Сондай-ақ халықаралық тәжірибені дайын күйінде көшіру емес, оны Алматының ерекшелігіне бейімдеп, нақты аумақтарға лайықты шешімдер әзірлеу маңызды екенін жеткізді.

Форумға Zaha Hadid Architects, Foster + Partners, Bjarke Ingels Group (BIG), Kohn Pedersen Fox (KPF), Gehl, gmp Architekten, Aedas және басқа да танымал сәулет бюроларының мамандары қатысып жатыр.

SHARE Architects негізін қалаушы Флорин Миндириджиу заманауи сәулет шешімдерін қаланың өзіндік болмысымен, табиғи ландшафтымен және тарихи мұрасымен үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Ал «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов форум Алматының қала құрылысы саласындағы тәжірибесін таныстыруға, өзге қалалардың даму жолдарын зерделеуге және жергілікті ерекшеліктерге сай шешімдер табуға мүмкіндік беретінін айтты.

Форум аясында биік ғимараттар салу, қоғамдық кеңістіктерді дамыту және заманауи сәулет жобаларын іске асыру мәселелері талқыланады. Екінші күні қоғамдық ғимараттардың жобалары, қасбеттерге арналған сәулеттік шешімдер мен ауқымды құрылыс нысандарының үлгілері таныстырылады.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61