ДАМУ

Теңгенің нығаюы: импорт арзандағанымен, өндіріс қысымға ұшырады

Биыл тамызда теңге долларға шаққанда бір жылда 16–17 пайызға күшейді. Сарапшылар бұған Ұлттық қор трансферттері мен жоғары базалық мөлшерлеме әсер еткенін айтады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Жыл басынан бері теңгенің нығаюы шамамен 9,8 пайыз болды. Импорттың көтерме бағасы төмендегенімен, бизнес бөлшек саудадағы бағаны түсірмей, логистикалық тәуекелдерді алға тартты. Коммуналдық қызметтер құнының өсуі де халық шығынына әсер етті.

Экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша, қымбат теңге отандық өнімнің бәсекеге қабілетін төмендетіп, экспорттаушылардың тауарын шетелде қымбаттатады. Импорт арзандаған кезде жергілікті өндірушілер нарықтағы орнын жоғалтуы мүмкін. Ал жоғары базалық мөлшерлеме мен қымбат кредит бизнестің шығынын арттырады.

Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаржы экономикалық белсенділікке ықпал еткенімен, тауар өндірісі сұранысқа ілесе алмаса, инфляциялық қысым күшеюі мүмкін. 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жоспарында трансферттер 5 трлн теңгеге ұлғайтылған: 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028 және 2029 жылдары 1,5 трлн теңгеден инфрақұрылымға нысаналы трансферт ретінде қарастырылған.

Теңгенің нығаюына жоғары базалық мөлшерлеме мен дамыған елдердегі төмен пайыздық мөлшерлемелер айырмасын пайдаланатын carry-trade стратегиясы да ықпал етеді. Шетелдік инвесторлар теңгеге ауыстырған қаражатын қазақстандық бағалы қағаздарға салуы мүмкін, алайда капитал елден шыққан жағдайда валютаға сұраныс өсіп, теңге әлсіреуі ықтимал. Құсайынов шетелдік инвесторларға тәуелділікті азайту үшін нарықты ішкі қорлар есебінен қаржыландыруды ұсынды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61