ӘЛЕМ

Зеленский АҚШ келіссөз жүргізушілері бейбіт келісімге қаңтарға дейін келуді талап еткенін айтты

Украина президентінің сөзінше, Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресеймен бейбіт келісімге мүмкіндігінше тезірек, ең дұрысы 2027 жылғы қаңтарға дейін қол жеткізуді талап етіп отыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Владимир Зеленский Киев Украина есебінен ғана бейбітшілік орнатқысы келмейтінін айтты. Оның пікірінше, елге елеулі жеңілдіктер жасау туралы талап қойылуы мүмкін.

Зеленский Дональд Трамп Владимир Путинді биылғы жылдың соңына дейін соғысты тоқтатуға көндіре алмаса, АҚШ Конгресінің демократтар бақылайтын жаңа құрамына жүгініп, Ресейге қысымды күшейтуді сұрамақ.

Киев үшін қолайлы келісімге қол жеткізу мүмкін болмаса, Украина АҚШ-тан ауқымды әскери көмек пакетін және Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуды талап етеді. «Украинаны қолдау деңгейі мен санкциялар ресейліктерге айқын белгі болуы керек. Келіссөз үстеліне отырып, соғысты тоқтататын уақыт келді», – деді Зеленский.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61