ҚОҒАМ

Түркістан облысында ауруханаға арналған жабдықты сатып алуда 117 млн теңге жымқырылған

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі медициналық жабдық сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру ісін тергеуді аяқтады.

Агенттік мәліметінше, аурухананың бұрынғы бас дәрігері кәсіпкермен бірге жансақтау бөліміндегі науқастарға медициналық оттегі жеткізу жүйесін сатып алуға бөлінген ақшаны жымқыру схемасын ұйымдастырған. Біртұтас медициналық кешенді бірнеше тауарға бөліп, оларды өздері бақылайтын компаниялар арқылы қымбат бағамен рәсімдеген. Ал жабдықты іс жүзінде басқа ұйым жеткізіп, орнатқан.

Мемлекетке 117 миллион теңге залал келген. Қылмыстық жолмен түскен ақшаның бір бөлігіне жылжымайтын мүлік сатып алынып, туысының атына рәсімделген.

Сот бұрынғы бас дәрігерді 8 жылға, кәсіпкерді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі көлік тәркіленді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61