ӘЛЕМ

Пәкістан азаматы Қытайдың «Тяньгун» станциясына аттанды

«Шэньчжоу-24» кемесімен орбитаға үш ғарышкер ұшты. Экипаждағы Мұхаммад Зишан Әли — Қытай станциясына аттанған алғашқы шетелдік ғарышкер.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

«Шэньчжоу-24» кемесі Цзюцюань ғарыш айлағынан Астана уақытымен 05:18-де ұшырылды. Экипаж құрамында Қытай азаматтары Тан Хунбо мен У И, сондай-ақ Пәкістан азаматы Мұхаммад Зишан Әли бар.

Әли ғарышқа ұшқан алғашқы пәкістандық болады әрі Қытайдың «Тяньгун» орбиталық станциясына баратын алғашқы шетелдік ғарышкер атанады.

«Тяньгун» станциясының негізгі конфигурациясы 2022 жылғы 3 қарашада аяқталды. Оның құрамына «Тяньхэ» негізгі бөлігі және «Вэньтянь» мен «Мэнтянь» зертханалық модульдері кіреді. Үш нысанның жалпы салмағы шамамен 69 тонна, ал станцияда бір мезгілде үш ғарышкер тұра алады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61