ҚОҒАМ
ҰҚК 23 қарашада Қуаныш Омарбеков пен өзге де адамдардың ұсталғанын мәлімдеді. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған Қуаныш Омарбеков — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі. Ол және тағы бірнеше адам тергеу изоляторына қамалды.
Бұған дейін, 11 қарашада, ҰҚК «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растаған. Осы оқиғалардан кейін Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатты. Оның орнына Марат Ирменов тағайындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61