ӘЛЕМ

АҚШ тұрғыны генетикалық өзгертілген шошқа бүйрегімен бір жыл өмір сүрді

58 жастағы Молли Фалкоға шошқаның генетикалық өзгертілген бүйрегі көшірілген. Ол бұрын диализге мұқтаж болған, ал қазір әдеттегі өміріне оралған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Бұл — осындай ағза көшірілгеннен кейін науқасқа диализ қажет болмаған ең ұзақ жағдай. Көшірілген бүйрек қанды сүзу, зат алмасу қалдықтарын шығару және ағзадағы сұйықтық пен минералдардың тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарып келеді.

Операциядан кейін Фалкода асқынулар болған, бірақ ақпаннан бері ол ауруханаға жатпаған. Қазір әйел тез шаршайды, кейде ентігеді және қолының аздап дірілдеуіне себеп болатын дәрілер қабылдайды. «Оның әлі де жұмыс істеп тұрғанына күн сайын таңғаламын», — деді Фалко.

Жануар ағзасын адамға көшіру ксенотрансплантация деп аталады. Адамның иммундық жүйесі бөгде ағзаны қабылдамай қоюы мүмкін болғандықтан, ғалымдар шошқалардың генін өзгертіп, мұндай қауіптің алдын алуға тырысады. Фалконы емдеген дәрігер Леонардо Риелланың айтуынша, бұл жағдай шошқа бүйрегі адамның ағзасында ұзақ уақыт жұмыс істей алатынын көрсетеді. Дегенмен оның нақты қанша уақыт қызмет ететіні әзірге белгісіз.

Ксенотрансплантация ағза көшірту кезегінде жылдар бойы күтіп жүрген адамдарға көмектесуі мүмкін. АҚШ-та донор бүйрегін күту тізімінде шамамен 90 мың адам бар. 2026 жылғы мамырда Қазақстанда бүйрек трансплантациясын күткендер саны төрт мыңнан асқан. Қаңтарда eGenesis компаниясы генетикалық өзгертілген шошқа бүйректерін клиникалық зерттеуден өткізуді бастауды жоспарлап отыр, оған 33 пациент қатысады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61