ДАМУ
24 қарашада KASE-дегі доллардың орташа бағамы 459,43 теңгеге жетті. Сарапшылар мұнай нарығындағы ахуал мен сыртқы саясатқа байланысты теңге бағамының өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша 24 қарашада доллардың орташа сараланған бағамы 4,34 теңгеге өсіп, 459,43 теңге болды. Сауда көлемі 69,4 пайызға ұлғайып, 870,44 млн долларға жетті. Күн ішінде бағам 463,4 теңгеге дейін көтерілді.
Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев теңгенің әлсіреуін жыл соңындағы қалыпты құбылыс деп бағалайды. Оның болжамынша, доллар жақын арада 460–470 теңге аралығында саудаланып, күрт ауытқыған жағдайда 480 теңгеге жетуі мүмкін. Желтоқсанның соңына қарай ол 480–500 теңге, ал 2027 жылы 500–520 теңге болады деп күтеді.
Сарапшы теңгеге мұнай бағасының төмендеуі қысым түсіруі ықтимал екенін айтты. Мұнай жеткізілімі қалпына келіп, Таяу Шығыстағы ахуал тұрақталса, баға барреліне 50–70 доллар аралығына түсуі мүмкін. Бұл Қазақстанның экспорттық кірісін азайтып, ұлттық валютаға түсетін қолдауды әлсіретуі ықтимал. Бейсембаевтың пікірінше, 480–520 теңге аралығындағы бағам бюджет пен кейбір отандық өндірушілерге қолайлырақ.
Freedom Broker сарапшылары доллардың 465–466 теңгеге дейін өсу мүмкіндігін атады. Ал қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев валюта бағамын қысқа мерзімге болжау қиын екенін ескертіп, теңгенің әлсіреуінен пайда табуға тырыспауға кеңес береді. Бейсембаев та доллар қымбаттай бастады деп бірден сатып алуға асықпау керегін айтып, валютаны үш-бес жылдық мерзімге немесе шетелдегі нақты шығындарға байланысты сатып алу орындырақ екенін айтады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61