Bugin

Алматыда зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

25 қарашада Алматы логистика және көлік колледжінде «Адам құқықтары және жеке шекаралар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Іс-шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы шеңберінде өтті.

Жиынға Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның өкілдері, Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен жастар қатысты.

Кездесуде адам құқықтарын қорғау, жеке шекараны құрметтеу, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері сөз болды. Әсіресе қудалау, психологиялық қысым және зорлық-зомбылықтың басқа да түрлеріне қарсы күреске басымдық берілді.

Полиция қызметкерлері қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылық жасағандарға қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары бойынша кеңестер ұсынды.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке шекараны сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік көзқарасын нығайту.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті дамытуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61