САЯСАТ

Тоқаев 25–26 қарашада Мәскеуде Путинмен келіссөз өткізеді

Қазақстан Президенті Ресей астанасына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында ол AI Journey 2026 конференциясына да қатысады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 25–26 қарашада Мәскеуге жұмыс сапарымен барады. Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз өткізіп, жасанды интеллект мәселелеріне арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Келіссөздің өзге тақырыптары әзірге нақтыланбаған.

Тоқаев қарашада Мәскеуге екінші рет барады. Ол бұған дейін 11 қарашада Үлкен Кремль сарайында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Сол жиында Президент ұйымға мүше елдерді жасанды интеллект дамуын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге шақырған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61