ӘЛЕМ
Мәскеу соты Андрей Чибисті 23 қаңтарға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша ұсталған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Тергеу нұсқасы бойынша, іс Мурманск облысының құрылыс және көлік министрліктерінің қаражатын жымқыруға қатысты. Бірінші министрліктен 39 миллион рубльден астам қаржы ұрланған, ал екінші жағдайда Апатиты — Кировск автожолын қайта жаңартуға бөлінген 1 миллиард рубльден астам қаражат талан-таражға түскен.
Ресей Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде заңсыз валюталық операциялар туралы да айтылған. Іс бойынша Чибис пен өзге де адамдар күдікке ілінді.
47 жастағы Чибис Мурманск облысын 2019 жылдан бері басқарып келеді. Ол 23 қарашада ұсталған. Украинадағы соғыс басталғалы бері қызметтегі ресейлік губернатор алғаш рет қамауға алынып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61