ДАМУ

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу пункті ашылды

Жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» және «Гишт-Куприк» бекеттері жолаушылар мен көлік ағынын қабылдай бастады. Қарбалас уақытта нысандар тәулігіне 100 мың адамға дейін өткізе алады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Өткізу пункттерінің ашылуына Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев және Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров қатысты.

Жоба аясында жалпы ауданы 10 мың шаршы метрге жуық екі жолаушылар терминалы салынып, автокөліктерді тексеруге арналған 6 мың шаршы метрлік ортақ қалқа орнатылды. Кіреберістегі қозғалыс жолақтары 2-ден 6-ға дейін көбейді. Терминалдарда төлқұжат тексеретін 82 кабина және 20 автоматтандырылған Q-gate жүйесі бар.

2024 жылы «Жібек жолы» өткізу пункті арқылы 11 млн-нан астам адам өткен. Биылғы алғашқы 10 айда Қазақстан шекарасынан өткен автокөлік саны 23 пайызға артып, 1,7 млн-ға жетті.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан, Қытай және Түрікменстанмен шекарадағы 10 автомобиль өткізу пункті жөнделіп, іске қосылған. Жаңартылған бекеттерде жолаушылар мен көлік ағындары бөлініп, кедендік және паспорттық бақылауға арналған жабдықтар орнатылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61