ДЕНСАУЛЫҚ
2026 жылдың басынан бері елде денге қызбасының 14 және безгектің бес жағдайы тіркелді. Науқастар инфекцияны туристер жиі баратын елдерден жұқтырған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Денге қызбасының басым бөлігі Алматы мен Астанада анықталған. Алматыдағы науқастардың жетеуі Мальдивтен, екеуі Вьетнамнан, бір-біреуі Үндістан мен Дубайдан келген. Астанада денге Вьетнам мен Индонезияда демалған тұрғындардан табылды. Қостанай облысындағы бір жағдай да Вьетнаммен байланысты.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова безгектің барлық жағдайы зертханада расталғанын айтты. Безгектің төртеуі Алматыда, біреуі Астанада тіркелген. Оның төртеуі — тропикалық безгек, біреуі — үш күндік безгек. Науқастар Африканың Уганда, Гана және Габон елдеріне, сондай-ақ Занзибарға барған. Тағы бір адам Вьетнамнан келген.
Денге қызбасын жұқтырған масалар таратады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның климаты бұл масалардың тұрақты мекендеуіне қолайсыз, сондықтан аурудың ел ішінде таралу қаупі жоқ. Комитет шетелге сапар алдында алдын ала дайындалып, сақтық шараларын сақтауға кеңес берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61