Bugin

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары зейнеткерлермен кездесті

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Kumis Khasyr» белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлермен кездесті. Жиында аға буынды әлеуметтік қолдау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және егде жастағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту мәселелері сөз болды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге партия кандидаттары, Әуезов аудандық сайлауалды штабының мүшелері және орталыққа келуші зейнеткерлер қатысты.

Басқосу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, белсенді ұзақ өмір сүруге жағдай жасау және егде жастағы азаматтардың қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік кеңейту мәселелеріне басымдық берілді.

Сонымен қатар зейнеткерлер өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мен аға буынға арналған бағдарламаларды дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Серік Есматов аға буын өкілдеріне қолдау көрсетудің және олардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызын атап өтті.

«Қоғамның дамуы аға буынға көрсетілетін құрмет пен қамқорлықтан да көрініс табады. Зейнеткерлердің белсенді өмір салтын ұстануына, сапалы медициналық көмек алуына және қоғамдық өмірге араласуына қолайлы жағдай жасау маңызды. Партиямыздың 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қолдауды жетілдіру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілген. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеру – қала дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда баршаңызды 29 қарашада өтетін Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Серік Есматов.

Кездесу соңында қатысушылар әлеуметтік қолдау мен белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламаларын дамыту жөнінде пікір алмасып, зейнеткерлердің ұсыныстарын талқылады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61