ӘЛЕМ
Вашингтон бірқатар ірі сауда серіктесіне жаңа импорттық баж енгізетінін мәлімдеді. Ең жоғары мөлшерлеме Қытайға, одан кейін Вьетнамға қатысты болады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Жаңа баждар АҚШ-тың Сауда туралы заңының 301-бөліміне сәйкес жүргізілген тергеу қорытындысынан кейін енгізілмек. Тергеу өндірістік қуаттың шамадан тыс болуы мен өңдеу өнеркәсібіндегі артық өндіріске қатысты болды.
Тергеу Қытай, Еуропалық одақ, Сингапур, Швейцария, Индонезия, Малайзия, Камбоджа, Таиланд, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Тайвань, Бангладеш, Жапония және Үндістанды қамтыды. Баж мөлшері ел мен тауар санатына қарай өзгереді: Қытайға 40 пайызға дейін, Вьетнамға 35 пайызға дейін, ал қалған сауда серіктестеріне 20 немесе 25 пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Алайда Дональд Трамп бұрын келіскен ең жоғары тариф шектеулеріне байланысты кейбір тауарларға салынатын нақты баж бұдан төмен болуы мүмкін.
Биыл АҚШ Жоғарғы соты Трамп төтенше өкілеттіктерін пайдаланып енгізген көптеген бажды заңсыз деп таныған. Соның салдарынан жазда импорт кезінде баж төлеген америкалық компанияларға миллиардтаған доллар қайтарылды. Бұл әкімшіліктің тариф саясатын жалғастыруына кедергі болмады: Ақ үй баж енгізудің өзге құқықтық жолдарын қарастырып жатыр.
Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтының халықаралық сауда жөніндегі сарапшысы Джаянт Менонның пікірінше, жаңа тәсіл сотта дау туған жағдайда баждарды қорғауға мүмкіндік беруі ықтимал. Оның айтуынша, былтыр Трамп жариялаған баждармен салыстырғанда бұл жолғы шара аз ел мен аумақты қамтиды, ал мөлшерлемелердің басым бөлігі төмен әрі бірізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61