Bugin
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мирас Нысаналиев қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Мирас Нысаналиев 1985 жылғы 12 наурызда дүниеге келген. 2006 және 2008 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы «ФА Альянс Финанс Алматы» ЖШС-де қаржы кеңесшісі болып бастаған.
2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.
2010–2016 жылдары Әуезов ауданы әкімінің аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарған.
2016–2020 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.
2020–2026 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61