ҚОҒАМ
Қаржы пирамидасынан 44 адам 111 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған. Сотталушыларға 5 жыл 6 айдан 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Buyers Union Қазақстанда 2024 жылдың маусымынан 2025 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеген. Салымшыларға пайызсыз тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесу ұсынылған.
Сот шешімімен бес адам Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша кінәлі деп танылды. Бір сотталушы 7 жыл 6 айға, екіншісі 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қалған үшеуіне 5 жыл 6 айдан жаза берілді.
Сот олардың кінәсін мойындағанын, өкінгенін және кәмелетке толмаған балалары барын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сотталушылардан 44 жәбірленушінің пайдасына ортақ тәртіппен 111 168 000 теңге, сондай-ақ өкілдік шығындары үшін 700 мың теңге өндіріп алу ұйғарылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61