ӘЛЕМ

Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ядролық әлеуетін арттыруға уәде берді

Солтүстік Корея басшысы ядролық әлеуетті сапалық және сандық тұрғыда күшейту «қайтымсыз шындыққа» айналғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Дональд Трамптың Пхеньянмен диалогті қайта жандандыру ұсынысынан кейін айтылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Ким Чен Ын ядролық материалдар өндіретін екі кәсіпорынды аралады. Олардың бірі жуырда іске қосылған, екіншісінде өндіріс кеңейтіліп жатыр. Ол сондай-ақ атом энергетикасына арналған жабдық шығаратын база мен ғылыми-зерттеу институтына барды.

Солтүстік Кореяның KCNA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Ким елдің ядролық әлеуетін арттыру қажеттігін түбектегі ядролық қатерлермен байланыстырған. Ол АҚШ-ты одақтастарын атом сүңгуір қайықтарын иеленуге итермелеп, ядролық қаруды бөлісуге ниетті деп айыптады. Ким әскери мақсатта қолданылатын қуаты төмен ядролық құралдарды әзірлеуді жеделдетуге шақырды.

Өткен аптада Қытайда өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті кезінде Дональд Трамп Пхеньянмен диалогті қайта бастауға ниетті екенін айтқан. Кездесу болған жоқ, ал КХДР бұл ұсынысқа ресми жауап бермеді. Трамп Ким Чен Ынмен хат алмасуды қайта бастауға дайын екенін де жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61