ӘЛЕМ

Neuralink-ке сал ауруы бар адамдарға арналған зерттеуді бастауға рұқсат берілді

АҚШ реттеушісі компанияға бүйірлік амиотрофиялық склероздан ауыр сал ауруына шалдыққан науқастарға арналған LINK зерттеуін өткізуге жол ашты. Мамандар миға орнатылатын чиптің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Зерттеу аясында қатысушылардың компьютер мен смартфонды ой күшімен басқару мүмкіндігі тексеріледі. Сонымен бірге бірнеше клиникалық орталықта жүйенің ұзақ мерзімді қауіпсіздігі мен сенімділігі бағаланбақ.

Neuralink мәліметінше, АҚШ, Канада және Ұлыбританиядағы алдын ала бағдарламаларға чип орнатылған 30-дан астам ерікті қатысып, технологияны мыңдаған сағат қолданған. Олардың арасында жоғары білім алып, шығармашылықпен айналысып, бейнеойын ойнап, жақындарымен байланысқан адамдар бар.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61