ӘЛЕМ
Brent пен WTI фьючерстері қымбаттап, соңғы екі аптадағы ең жоғары деңгейге жетті. Нарықтағы өсімге Таяу Шығыстағы шиеленістің сақталуы түрткі болған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері барреліне 95,33 долларға дейін көтерілді. Нью-Йорк тауар биржасындағы электрондық саудада WTI фьючерстері 0,88 пайызға өсіп, барреліне 84,42 доллар болды.
Иранның ақпарат құралдары Тегеран рұқсат етпеген бағытпен Ормуз бұғазы маңында жүрген контейнерлік кемеге шабуыл жасалғанын хабарлаған. Бір күн бұрын Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы бұғаздан өту кезінде үш танкер теңіз миналарына түсіп, жарылғанын мәлімдеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61